жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Швейцариялық «Glencore» компаниясы Қазақстандағы инвестициялық жобаларды кеңейтуге мүдделі

Швейцариялық «Glencore» компаниясы Қазақстандағы инвестициялық жобаларды кеңейтуге мүдделі
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов «Glencore» компаниясының штаб-пәтерінде бас директоры Гэри Нейглмен, сондай-ақ халықаралық трейдердің Никель-мырыш департаментінің басқарушы құрамымен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу барысында тараптар «Glencore» компаниясының Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарындағы өнеркәсіптік нысандарындағы ағымдағы қызметін, сондай-ақ өндірістерді жаңғырту және тау-кен өндіру саласында озық тұрақты тәжірибелерді енгізу жоспарларын талқылады. «Glencore»-дың технологиялық тәжірибесін пайдалану және Қазақстанның сирек кездесетін металдарды барлауға қызығушылығына ерекше назар аударылды.

Швейцариялық компанияның басшылығы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тұрақтылық қағидаттарына бейілділігін растады.

«Glencore» Қазақстанда 1997 жылдан бері қызмет атқаруда және «Қазцинк» тау-кен металлургия компаниясының мажоритарлық акционері әрі ірі шетелдік инвестор. ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі бола отырып, тау-кен өндірусаласын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

2024 жылы Glencore «Fortune 500» әлемдік рейтингінде 24-ші орынды және бюджетке салық төлемдерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі шетелдік компаниялар тізімінде 6-шы орынды иеленді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар