жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жол сапасына немқұрайлы қарағандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Жол сапасына немқұрайлы қарағандар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Pixabay.com
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда автожол салу және жөндеу жұмыстарын бақылауға қатысты талаптар күшейтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Енді техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар жол құрылысы саласының кәсіби мамандарын міндетті түрде штатқа алуы тиіс. Бұрын бұл талап тек аккредитация алу кезеңінде ғана қарастырылатын.

Жаңа ереже жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттырып, құрылыс процестерінің белгіленген нормалар мен стандарттарға сай жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, техникалық және авторлық қадағалау жүргізетін мамандардың құқықтық мәртебесі де өзгерді. Олар енді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар санатына енгізілді. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып, қажет болған жағдайда қылмыстық жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар