дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жаңа оқу жылында 456 кезекші сынып ашылды

Таразда жаңа оқу жылында 456 кезекші сынып ашылды
ашық дереккөзі
Таразда жаңа оқу жылында 456 кезекші сынып ашылды

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімін қабылдап, өңірдегі экономикалық-әлеуметтік ахуалдың жай-күйімен танысты.

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев ағымдағы жылдың қаңтар – тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 33,2 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар асыра орындалғанын айтты.

«Оның ішінде республикалық бюджет 10,4 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 22,8 млрд. теңге көлемінде болып отыр. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық және қалалық бюджет сәйкесінше 12,0 және 10,8 млрд. теңге көлемінде тұр», - деді қала басшысы.

Сонымен қатар, есепті кезеңде жұмыссыздық деңгейі 5,6%-ды құрап, өткен жылдың деңгейінен әлдеқайда тармаққа төмендеген. Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 6 мыңнан астам адам өтініш білдірсе, оның 4,6 мыңы жұмыспен қамтылды.

«Бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініштері негізінде қаладағы 60 мектепте 456 кезекші сыныптар ашылып, 5 474 бала қамтылды. Бүгінгі күні кезекші сыныптарда санитарлық нормаларды сақтау үшін қажетті санитарлық құралдар алынды», - деді Қарабалаев.

Облыс әкіміне ұсынылған мәліметке сәйкес, қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны да арта түскен. Мәселен, биылғы жылы аталған саладағы ақ халатты мамандар саны 112-ге өскен. Сол сияқты, орташа медициналық қызметкерлер саны да өткен жылмен салыстырғанда 180 бірлікке өскен.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар