Ақорданың таратқан ақпаратына сүйенсек, жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері талқыланған. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.
«Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды», - деп хабарлады Ақорда.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне тұман түседі
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024