Бүгін, 28 ақпан күні 8 ақпанда Қазақстанның біраз облысында ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды jambylinfo.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасай отырып.
Атап айтсақ, Түркістан облысының таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, ал, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысында да жел күшейіп, кейбір аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Сонымен қатар, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі деген болжам бар.
Ал, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.