дүйсенбі, 15 шілде, 2024 3:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөзі
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Украина Президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Тоқаевқа ризашылығын білдірген.
«Сондай-ақ Зеленский таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді», - деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар