жексенбі, 6 қазан, 2024 3:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Майқайыңдағы апат: Құтқару жұмыстары тоқтауы мүмкін бе?

Майқайыңдағы апат: Құтқару жұмыстары тоқтауы мүмкін бе?
ашық дереккөзі
Майқайыңдағы апат: Құтқару жұмыстары тоқтауы мүмкін бе?
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі бір ай бұрын болған Майқайың кен орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылардың өміріне қауіп төнгенін хабарлады. Дәлірек айтсақ, қазір аумақтағы опырылу орнының барлық периметрі бойынша жарықтар пайда болған, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Азаматтық құтқару қызметінің мамандары бұл өте қауіпті жағдай екенін айтып отыр.
«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы авариялық-құтқару жұмыстарды кеніш басшылығы басқарады. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, төтенше жағдайды жою басшысы бірінші кезекте төтенше жағдай аймағындағы адамдарды құтқару бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдай отырып, аталған жұмыстарды толықтай немесе олардың бір бөлігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы», - делінген министрлік хабарламасында.
Яғни, құтқарушылардың өміріне қауіп төнген жағдайда кен орнындағы жұмыс уақытша немесе толықтай тоқтауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, ертең, 4 ақпан күні Майқайыңалтын» АҚ аумағында төрт адам мініп бара жатқан автобустың кен қазылған орынға құлап кеткеніне тура бір ай болады. Апаттан екі адам қаза тапқан, тағы екі адамның тағдыры беймәлім.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар