Жалақым бір миллион теңгеден сәл асады – қаржы министрі
- авторjambylinfo.kz
- 14 ақпан, 2024
- 1.1k
Жаңадан тағайындалған қаржы министрі Мәди Тәкиев айлық жалақысы бір миллион теңгеден асатынын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәди Тәкиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол қаржы министрі қызметіне тағайындалуына байланысты Мәжілістен кетті.
Парламент кулуарында журналистер шенеуніктен қаржы министрі ретінде қанша жалақы алатынын сұрады.
"Мен жалақыммен таныстым. Бізде барлық мемлекеттік қызметші үшін бірыңғай сетка. Мен де осы сетка бойынша аламын. Жалақым бір миллион теңгеден сәл асады - еңбек өтілімді ескергенде 1,5 миллион теңге" деп жауап берді Тәкиев.
Айта кетейік, былтыр үшінші тоқсанда қазақстандықтардың орташа жалақысы 350 мың теңге болған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
“Президент сайлауы өтеді ме?”. Тоқаев маңызды сұраққа жауап берді
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қаңтар, 2025
Назарбаев саяси сыпайылықты сақтай бермейтін - Президент
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қаңтар, 2025