жұма, 5 шілде, 2024 1:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл ауданы әкімінің 2020 жылдың 14 қазандағы №310 өкімімен Олжас Баққараев аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Баққараев Олжас Елебекұлы 1985 жылы 25 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2007 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің «Электроника және микроэлектроника», 2009 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің «Техника және технология» магистрі, 2010 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетінің «Экономист» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған. 2012-2013 жылдары «NULITS» (Н.Назарбаев университеті) ММ-нің даму қызметінің басшысы, 2013 жылы «Тараз Инвест Консалт» ЖШС-і инвесторларға қызмет көрсету орталығының сарапшысы, 2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы облыс бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы, 2014-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, 2015-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар