Қызыл кітапқа енгізілген үнді жайрасын аулаған браконьерлер ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2020
- 644
Жамбыл облысында браконьерлер Қызыл кітапқа енгізілген үнді жайрасын ұстап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында 2020 жылғы 12 қазанда ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Охотзоопром” РМҚК қызметкерлерімен бірлесіп, “Шілік” су қоймасының жанында Меркі ауылының 59 жастағы және 68 жастағы екі тұрғынын ұстады.
Олар басқарып келе жатқан “Нива” маркалы автокөлігін тексеру барысында автокөлік салонынан жануарларды аулауға арналған тұзақ, ас үй пышағы, пластикалық құбыр және үнді жайрасы табылды.
Үнді жайрасы жойылып кету қаупі бар және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануар болып табылады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні ұстады
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2026






