жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

18 жасар Шерхан Қалмұрза Чемпиондар Лигасының тарихына енді

18 жасар Шерхан Қалмұрза Чемпиондар Лигасының тарихына енді
Фото: "Қайрат" футбол клубы
"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар Лигасының тарихына енді

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасының тарихына енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Лиссабонда өткен іріктеу кезеңінің алғашқы турында ол «Спортингке» қарсы матчта 11 метрлік пенальтиді тойтарды.

Осылайша, Шерхан турнир тарихында пенальти қайтарған екінші ең жас қақпашы атанды. Ол бұл жетістікке 18 жас 95 күнінде жетті. Бұған дейін мұндай нәтиже тек 2017 жылы «Бенфика» сапында 18 жас 65 күнінде көзге түскен Миле Свиларға тиесілі болған. Қазір ол Римнің «Рома» клубында ойнайды.

Дегенмен, Лиссабонда өткен ойында алаң иелері 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Қайраттың» негізгі қақпашысы Александр Заруцкий плей-оффтағы «Селтикке» қарсы алғашқы ойында жарақат алған болатын. Ал сол серияда үш пенальти қайтарып, командасын келесі кезеңге шығарған Темірлан Анарбеков те қатардан тыс қалды. Ол 14 қыркүйекте ҚПЛ-2025 турындағы «Ақтөбеге» қарсы матчта жақ сүйегін сындырып алған еді.

Алдағы ойын Алматы жанкүйерлері үшін аса маңызды болмақ: 30 қыркүйек күні Орталық стадионда «Қайрат» мадридтік «Реалмен» кездеседі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар