Спорт
19 жастағы Төрехан Сабырхан алғаш рет әлем чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 қыркүйек, 2025
- 818
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық былғары қолғап шебері Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Төрехан ақтық жекпе-жегінде жапониялық Сэвон Окадзавамен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Төрехан Сабырхан үшінші раундта қарсыласынан айласын асырып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Келесі мақала
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын қалай түйіндеді
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






