жексенбі, 1 маусым, 2025 3:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аңызға айналар айқас: Лукас пен Асенхо Таразда кездеседі

Аңызға айналар айқас: Лукас пен Асенхо Таразда кездеседі
instagram.com/angelina_lukas1997/
Бұл – оның туған қаласында өтетін тұңғыш кәсіби халықаралық бокс кеші болмақ.

IBO, WBF, WIBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын иеленген қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 KO) 1 маусым күні Таразда шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қарсыласы – Чили елінің тәжірибелі спортшысы Даниэла Асенхо (17-4, 2 KO). Бұл жекпе-жекте IBO белбеуі сарапқа салынады.

«Бұл кездесу мен үшін аса маңызды. Тараз – менің туған қалам, бұл жерде чемпиондық атағымды қорғау – үлкен мәртебе. Командаммен бірге осыны жүзеге асыру үшін барымызды салдық. Бұл қала менің жүрегімде мәңгілік орын алған», – деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Ангелина Лукас – чемпиондық белбеуін туған жерінде қорғайтын тұңғыш қазақ қызы ретінде ел тарихына енбек.

Еске салсақ, биылғы жылдың 31 қаңтары мен 21 ақпаны аралығында Ангелина қатарынан үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен еді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар