сәрсенбі, 28 мамыр, 2025 18:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Отбасы – ел тірегі": Аида Балаева Халықаралық отбасы күнімен құттықтады

"Отбасы – ел тірегі": Аида Балаева Халықаралық отбасы күнімен құттықтады
Aqorda
Ол бұл мерекені БҰҰ бекіткенін еске салып, оның мақсаты – әр адамға тікелей қатысты маңызды тақырыптарға қоғам назарын аудару екенін айтты. Бұл – отбасындағы тыныштық пен қолдау, мейірім мен қамқорлық, және ең бастысы – балаларымыздың болашағы.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 

"Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы өмір сүруде. Мемлекет үшін отбасын қолдау – жай ғана басымдық емес, бұл – тұрақты дамудың берік негізі. Елімізде ана мен баланы қорғауға ерекше мән беріліп, қауіпсіз әрі лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалуда. Бұл ретте жаңа ғана шаңырақ көтеріп жатқан жас отбасыларға ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсету маңызды. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған заңнама жетілдіріліп келеді. Қолдау тек сөз жүзінде ғана емес, әлеуметтік жәрдемақылар мен бала күтіміне арналған төлемдер арқылы нақты көрініс тауып жатыр. Бүгінде елімізде 112 Отбасы қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар азаматтарға өмірлік маңызды мәселелерді шешуге көмектесіп, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп отыр.

Отбасы — қоғамның тек бір бөлшегі ғана емес. Бұл — бізді жақсы көретін, түсінетін, қабылдайтын аяулы мекен. Дәл осы жерде тұлғалық қасиетіміз қалыптасып, құндылықтар мен армандарымыздың іргетасы қаланады. Отбасы берік болса — мемлекет те қуатты болады. Балаларын сүйіспеншілікпен тәрбиелеп отырған, отбасылық дәстүрді ұқыппен сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан әрбір жанға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер — еліміздің тірегі, жарқын болашақтың негізісіздер. Барша отбасыға шуақты өмір, мықты денсаулық, жылылық пен бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта қуныш пен шаттық мол болсын", – деді министр.

15 мамырда Қазақстанда "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталады.

"Бүгін – тағы бір ерекше күн. Дәл осы күні «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталады. Қазақстанның әр өңірінде өзгелерге үлгі болатын, тағылымды тарихы бар отбасылар бар екеніне сенімдімін. Баршаңызды осы маңызды әрі ізгі байқауға қатысуға шақырамын. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз көпшілікке шабыт сыйлайтыны сөзсіз.

Сонымен қатар, сіздерді Отбасы күніне арналған онлайн-челленджге қатысуға шақырамын! 

#отбасыкүні2025 және #деньсемьи2025 хештегтерімен жүрекке жылы фотоларыңызды, отбасылық тарих пен дәстүрлеріңізді бөлісіңіздер. Өнегелі өмірлер, берекелі отбасылар баршамызға үлгі", – деді Аида Балаева.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар