сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 19:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды

Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды
ҚТФ
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 54-ракеткасы, мажарстандық, 33 жастағы Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 54-ракеткасы, мажарстандық, 33 жастағы Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.

Тартысты өрбіген бірінші сетте есеп 5:5 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз геймін ала білді – 7:5.

Екінші партия барысында теннисшілер брейк алмасты. Дегенмен есеп 4:4 болғанда, қазақстандық спортшы тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:4.

Үшінші сетте Фучович 4:2 есебімен алға кетті. Бірақ есеп 5:3 болып, сетке доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Қарқын алған Бублик дес бермеді – 7:5.

Екі сағат 14 минутқа созылған бәсекеде А.Бублик 12 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Фучович 6 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 62-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен таласады.

Тағы бір қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингіде 97-орындағы Александр Шевченко үшінші айналымнан тыс қалды. Ол екінші кездесуінде әлемнің 29-ракеткасы, америкалық Лернер Тиенге жол берді – 2:6, 7:5, 1:6, 0:6.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар