сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 17:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында төртінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Жамбыл ауданында төртінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Юрий Ким
Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің бастығы жас сақшыларға куәліктерін табыстады

Бүгін Жамбыл ауданы Шәкен Ниязбеков ауылындағы  Ә. Ысмайылұлы атындағы мектепте «Жас сақшылар батыр жолымен» атты сынып ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудан прокуратурасының аға прокуроры, Ғазиз Байтасовтың ұлы Арманжан Абдибеков қатысты. 


Жиында сөз сөйлеген Мақпал Досымбекова ауданда осымен төртінші сақшылар сыныбы ашылып жатқанын және бұл жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелейтін жақсы бастама екенін атап өтті. 
Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің бастығы жас сақшыларға куәліктерін табыстап, алдағы істеріне табыс тіледі. 
Бұдан кейін Ғазиз Байтасовтың ерлігін насихаттайтын сынып ресми түрде ашылып, қызыл лентасы қиылды. 
Іс-шара соңы мектеп оқушылары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар