сенбі, 14 маусым, 2025 10:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ангелина Лукас IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Ангелина Лукас IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды
instagram.com/angelina_lukas1997
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Тараз қаласында өткен халықаралық бокс кешінде өзінің чемпиондық белдігін сәтті қорғады.

Ол бұған дейін кездескен чилилік қарсыласы Даниэла Асенхомен қайта жекпе-жекке шығып, бұл жолы сенімді әрі әсерлі жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Лукас толық басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Оның соққылары дәл әрі жойқын болды, нәтижесінде кездесу төрешілердің шешімін күтпестен, мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл жеңіс — Ангелинаның тек чемпиондық белдігін ғана емес, сонымен қатар оның шеберлігі мен мықты дайындығын дәлелдеген маңызды сәттердің бірі болды.

Осылайша, Ангелина Лукас IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тағы да бір мәрте қорғап, қазақстандық спорттың беделін көтеріп, жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар