сейсенбі, 24 маусым, 2025 18:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Интрига мен бәсеке: Польшада президенттік сайлаудың жеңімпазы анықталды

Интрига мен бәсеке: Польшада президенттік сайлаудың жеңімпазы анықталды
Pixabay.com
Польшадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінен кейін екі үміткер де өздерін жеңімпаз деп жариялаған. Бұл туралы BBC ақпарат агенттігі мәлімдеді.

Соңғы экзит-пол нәтижесіне сәйкес, оппозиция өкілі Кароль Навроцкий аз ғана басымдықпен алда тұр – ол 51% дауыс жинаған, ал қарсыласы, билік коалициясының атынан түскен Варшава мэрі Рафал Тшасковский – 49%, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алғашқы экзит-полдарда жағдай керісінше болған – Тшасковский сәл ғана басымдықпен алда болған еді.

Алайда бұл әлі ресми нәтиже емес: экзит-полдардың қателік мөлшері – 2%, яғни Навроцкийдің артықшылығы осы шектің ішінде ғана. Дауыс санау жалғасып жатыр, бірақ бұл екі саясаткерге де өздерін жеңімпаз деп жариялауға кедергі болмады.

"Біз жеңдік! Бұл – Польша тарихындағы ерекше сәт. Сенемін, бұл бізге болашаққа торпеда секілді ұмтылуға мүмкіндік береді", – деді Варшава мэрі ел астанасында жақтастары алдында сөйлеген сөзінде.

Оның қарсыласы болса, дауыс санау аяқталғаннан кейін жеңіс өзінде болатынын айтып, Польшада "патриоттық күштерді" біріктіруге уәде берді. Ол сондай-ақ "елде заңсыз мигранттарсыз қалыпты Польша құруды" көздейтінін мәлімдеді.

Жаңарту: TVP Info телеарнасы елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап, президент сайлауында Кароль Навроцкий жеңіске жеткенін хабарлады – ол 50,89% дауыс жинаған, ал оның қарсыласы – 49,11%. Елдегі және шетелдегі барлық сайлау учаскелерінен деректер толық қабылданғаны айтылды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар