жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада теннистен Қазақстан жазғы чемпионаты өтеді

Астанада теннистен Қазақстан жазғы чемпионаты өтеді
calorizator.ru
Турнир барысында жаңа есімдердің шығып қалуы да әбден ықтимал.

21-26 шілде аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena теннис орталығында ересектер арасында Қазақстан жазғы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алты күнге созылатын додаға тәжірибелі ойыншылармен бірге жастар да қатысады. ATP әлемдік рейтингісінде 911-орында тұрған 17 жастағы Амир Омархановқа жанкүйерлердің назары ерекше. Жас теннисшінің халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп келе жатқаны белгілі.

Қатысушылар арасында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева (№300 WTA), сондай-ақ кейінгі кезде айрықша көзге түсіп жүрген Сандуғаш Кенжебаева (№975 WTA) және Аружан Сағындықова (№1050 WTA) бар.

Ерлер арасында Омархановтан басқа кәсіби деңгейде тәжірибе жинап үлгерген Григорий Ломакинді (№862 ATP) айтуға болады.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар