Спорт
Ауыр атлет Артем Антропов Ислам ойындарында қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025
- 182
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Артем Антропов Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті.
Ең үздік мүмкіндігінде ол 223 келіні еңсерді. Бұл жаттығуда өзбекстандық Акбар Джураев (227 келі) топ жарса, ирандық Алиреза Насири (224 келі) екінші орын алды.
Айта кетейік, жұлқа көтеруде Артем 161 келіні бағындырып, жетінші орынға ие болса, қоссайыстың қорытындысы бойынша 384 (161+223) келіні еңсеріп, бесінші орынға тұрақтады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






