Спорт
Ауыр атлет Аянат Жұмағали Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2025
- 184
Спортшы 77 келіге дейінгі салмақта екі рет үшінші орынға көтерілді
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Спортшы 77 келіге дейінгі салмақта екі рет үшінші орынға көтерілді.
Аянат Жұмағали серпе көтеруде 128 келіні еңсеріп, үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы қоссайыстың қорытындысы бойынша 221 келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.
Ал жұлқа көтеру сайысында Аянат бесінші орынға тұрақтады - 93 келі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншілегенін жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






