жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қайрат" – "Реал" матчның билеттері қай күні сатылымға шығатыны белгілі болды

"Қайрат" – "Реал" матчның билеттері қай күні сатылымға шығатыны белгілі болды
Фото: instagram.com/f.c.kairat
Бір ЖСН бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.

"Қайрат" ФК УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өз алаңында өтетін матчтарға билет сату тәртібін жариялап, "Реал Мадридпен" болатын ойынның билеттері қай күні сатылымға шығатынын хабарлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Клубтың ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері 23 қыркүйек күні Алматы уақытымен 17:00-де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатылымға шығады.

"УЕФА-мен келісілген және барлық ойынға бірыңғай болып белгіленген билеттің бағасы 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін болады. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді", - делінген ресми хабарламада.

Хабарламада абонемент иелеріне өз орындарын алдын ала және тиімді бағаға сатып алатын мүмкіндік берілетіні айтылған.

"Ticketon қызметкерлері сатылым басталғанға дейін алдын ала хабарласып, орындарды сатып алу бойынша толық ақпарат береді. Бұл – клубтың ең адал жанкүйерлеріне деген ерекше қамқорлығы.

Билеттердің бір бөлігі дәстүрлі түрде бекітілген әлеуметтік және клуб квоталары аясында бөлінеді.

Олар "Қайрат" Академиясының және клуб филиалдарының бапкерлері мен тәрбиеленушілеріне, паралимпиадалық спорт түрлерінің спортшыларына, сондай-ақ клубтың қызметкерлері мен ардагерлеріне беріледі. Белгілі бір квота клуб демеушілеріне қолданыстағы серіктестік міндеттемелер аясында қарастырылған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ клуб өкілдері желіде билеттің алдын ала сатылымы туралы жалған ақпарат таралып жатқанын ескертіп, жанкүйерлерді сақ болуға шақырды.

"Билетті тек ресми арналардан, яғни клубтың ресми сайты, Qairat SuperApp мобильді қосымшасы және Ticketon сервисі арқылы сатып алуыңызды сұраймыз. Осылай ғана алынған билет түпнұсқа болып, стадионға кіру құқығын береді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Қайрат" – "Реал" арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтеді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар