жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қайрат» өз алаңындағы ойындарын Астанада өткізеді

«Қайрат» өз алаңындағы ойындарын Астанада өткізеді
Фото: instagram.com/f.c.kairat
Бұл туралы "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді

«Қайрат» футбол клубы УЕФА-мен келісім бойынша Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екі ойынның өтетін орнын ауыстырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Енді алматылықтар «Олимпиакоспен» 9 желтоқсанда, ал «Брюггемен» 20 қаңтарда «Астана Арена» стадионында кездеседі.

Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді.

Билет бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болады. 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатыла бастайды. Бір адамға екі билеттен артық рәсімдеуге болмайды.

Ticketon мамандары «Қайрат» ФК-ның өз алаңындағы матчтарына алған абонемент иелеріне жалпы сатылым басталғанға дейін хабарласып, билет рәсімдеу, басымдық арқылы сатып алу тәртібі туралы толық ақпарат береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар