Соңғы үш ойында қатарынан ұпай жинаған ұлттық құраманың ойыншылары бұл жолы да мықтыларға қарсы қаймықпай, табанды ойын көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Белгияға қарсы өткен шешуші матчта қазақстандықтар сенсациялық нәтижеге қол жеткізді. Кездесу 1:1 есебімен аяқталып, бұл бельгиялықтардың әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алу жоспарын бұзды.
Ойынның 9-минутында бар болғаны 17 жастағы Дастан Сатпаев шебер соққысымен Қазақстанды алға шығарды — бұл оның ұлттық құрамадағы алғашқы голы. Екінші таймның басында Ханс Ванакен есепті теңестіргенімен, матчтың жалпы қарқыны біздің ойыншылардың жігерін бәсеңдете алмады.
77-минутта Ислам Чесноков алаңнан қуылғаннан кейін құрама он ойыншымен қалса да, соңына дейін күресіп, өте бағалы бір ұпайды сақтап қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






