Спорт
Азия чемпионаты: Екі қазақстандық спортшы қола медаль үшін күреседі
- авторМағжан Орынбасар
- 8 сәуір, 2026
- 248
8 сәуір күні Қазақстан құрамасының екі спортшысы жартылай финалға дейін жетті.
Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әйелдер күресінен алғашқы жартылай финалдық кездесулер өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова Олимпиада чемпионы Юи Сусакимен (Жапония) өткен кездесуде мерзімінен бұрын жеңілді. Ал 76 келіге дейінгі салмақта Гүлмарал Еркебаева моңғолиялық Даваанасан Энх-Амарға есе жіберді.
Осы нәтижелер бойынша екі спортшы да қола жүлде үшін күресетін болады. Бұл белдесулер 9 сәуірде өтеді. Сол күні 68 келіге дейінгі салмақта Елена Шалыгина жұбаныш белдесуіне шығады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






