жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

Бүгін футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады
caliber.az
Жеребе тарту рәсімін "Qazaqstan" ұлттық телеарнасынан 22:00-де тікелей эфирден көрсетеді

5 желтоқсанда АҚШ-тың астанасы — Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтпек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл мундиаль тарихта алғаш рет 48 құрама қатысатын дода болмақ. Жаңа формат бойынша әр топтан алғашқы екі команда және үшінші орын алған 12 құраманың ішінен ең жоғары нәтиже көрсеткен сегіз команда 1/16 финалға жолдама алады. Әлемдік турнир 39 күнге созылады — 11 маусымнан 19 шілдеге дейін.

Қазіргі таңда қатысатын 42 құрама анықталған, қалған командалар алдағы жылы өтетін плей-офф ойындарының нәтижесінде белгілі болады. Чемпионат матчтары АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында өтеді.

Турнирге қатысушы құрамалар төрт себетке бөлінген:

1-себет: Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Бельгия, Германия.

2-себет: Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Аустрия, Аустралия.

3-себет: Норвегия, Панама, Египет, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Өзбекстан, Қатар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка.

4-себет: Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити, Жаңа Зеландия, Еуропа плей-офф жолдары (A, B, C), құрлықаралық плей-офф бағыттары.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қазіргі таңда іріктеу кезеңінде сынға түсуде. Ұлттық құрама Уэльстен екі рет, Солтүстік Македония мен Бельгиядан бір-бір рет жеңіліп қалған еді. Сонымен қатар Солтүстік Македония және Бельгиямен тең ойнап, Лихтенштейнді екі кездесуде де сенімді жеңген болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар