«Барыс» құрамасы бүгін ресейлік «Локомотивпен» кездеседі
- авторМағжан Орынбасар
- 1 қазан, 2025
- 325
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 1 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 31 мәрте кездескен. Оның 10-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Биыл «Барыс» он кездесудің бесеуінде басым түсіп, қалғанында жеңілістің ащы дәмін татты. Ал «Локомотив» он кездесудің жетеуінде қарсыласын қапы қалдырды.
Турнир кестесінде «Барыс» 11 ұпаймен 12 орынға жайғасса, «Адмирал» 16 ұпаймен 1 орында келеді.
Енді елордалық клуб алдағы үш ойынын сырт айдында өткізіп, Ресейде 5 қазанда «Сибирь» (Новосібір), 7 қазанда «Ак Барс» (Қазан), 9 қазанда «Трактор» (Челябі) командаларына қарсы өткізеді.
Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






