Спорт
Бексұлтан Құлмырза – пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 мамыр, 2025
- 285

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
J2 санатында 81 келі салмақта татамиге шыққан екі қазақстандық спортшы – Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы чемпиондық белдесуде бір-біріне қарсылас атанды. Тартысты кездесу небәрі 3 минут 11 секундқа созылып, нәтижесінде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, әлем чемпионы атағына ие болды.
Бұл жүлде – қос спортшының да халықаралық деңгейдегі алғашқы жетістігі. Бексұлтанның жеңісі ел қоржынына алтын медаль ғана емес, үлкен мақтаныш пен рух сыйлады.