Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беру қайта басталады
- авторБақытжан Бекболат
- 13 мамыр, 2025
- 358

Тараз қаласында 2025 жылдың 14 сәуірі мен 14 мамыры аралығында жылу желілерін гидравликалық қысыммен тексеру және қазандықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беру уақытша тоқтатылған болатын. Жоспарланған жұмыстар толық аяқталғандықтан, 2025 жылдың 14 мамырынан бастап қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су қайта беріле бастайды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қала аумағында жазғы кезеңде барлығы 1025 көпқабатты үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 902 үйге «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы, 19 үйге «Таразтрансэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, ал 104 үйге «Жамбыл-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызмет көрсетеді.
Алайда кейбір тұрғын үйлерге ыстық су беру әзірге мүмкін болмай отыр. Бұл жағдай жылу магистралдарын қайта жаңғырту мен ішкі жылу жүйелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты туындаған.
Атап айтқанда, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы арқылы ыстық сумен қамтамасыз етілетін Төле би даңғылы №76 және 76Б, Ұлбике ақын көшесі №115 және 117, Тұрысов көшесі №3Д мекенжайындағы бес үйге Төле би даңғылы мен Тұрысов көшесі бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғыртудың екінші кезеңі жүргізілуіне байланысты ыстық су уақытша берілмейді.
Сондай-ақ Жамбыл даңғылы №180 және 186, Сарсенбаев көшесі №2 және 8а, Қазыбек би көшесі №142, 146, 148, 179, 141 және 143, Желтоқсан көшесі №82, 84, 86, 88 және 88а, Қойгелді көшесі №207 және 209, Айтеке би көшесі №28, 30 және 30а мекенжайларындағы жиырма үйге Жамбыл даңғылы бойындағы М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарының басталуына байланысты ыстық су уақытша берілмейді.
Бұдан бөлек, «Ұлы Дала» шағынауданындағы 110 көппәтерлі тұрғын үйде жылу желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жамбыл-Жылу» кәсіпорнына қарайтын Сорокин, Театральный, Жауғаш батыр, Рафинадный және Өтеген батыр көшелеріндегі 11 көпқабатты үйге де ыстық су «Онкология» қазандығына жөндеу жүргізілуіне байланысты уақытша тоқтатылған.
Сонымен қатар Қарасау иіні №4 мекенжайындағы бір үйде жылу жеткізетін құбырларға, ал Қарасу шағынауданы №25 және Қаратау шағынауданы №37А мекенжайларындағы екі үйде ішкі жылу жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
-Қала тұрғындарына уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіріледі. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң барлық үйлерге ыстық су кезең-кезеңімен берілетін болады. Толық ақпарат пен сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметке 34-37-88 телефоны арқылы хабарласуға болады, - делінген хабарламада.
Бексұлтан Құлмырза – пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
Ұқсас жаңалықтар
Белгілі спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 22 мамыр, 2025
Қазақстанда 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 мамыр, 2025