Жуалы ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 мамыр, 2025
- 2244

Жуалы ауданы әкімінің өкіміне сәйкес, Асабаев Айдос Құттыбайұлы аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Айдос Құттыбайұлы 1982 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылының Қаратау бөлімшесінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, ал 2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент, сондай-ақ құқықтану салалары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Алғашқы жылдары «Семсер» АҚ ЖФ-да күзетші және өрт сөндіруші қызметін атқарған. Кейіннен мемлекеттік сатып алу менеджері, ішкі саясат басқармасындағы түрлі лауазымдарда еңбек етіп, тәжірибе жинақтады.
Әр жылдары ол Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында бас маман-заңгер, бөлім басшысы, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінде бас инспектор болып жұмыс істеген. 2020 жылдан бастап өтініштерді қарау және кәсіпкерлікті дамыту бағытында жетекшілік еткен.
Ал, 2022 жылдың 10 тамызынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарған.