бейсенбі, 29 мамыр, 2025 2:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бекзат Алмахан сенсациялық жеңіске жетіп, UFC-дегі тарихи жетістікке қол жеткізді

Бекзат Алмахан сенсациялық жеңіске жетіп, UFC-дегі тарихи жетістікке қол жеткізді
Фото: instagram.com/bekzatalmahan
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан жанкүйерлерін қуантты. Ол UFC аренасындағы алғашқы жеңісін Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде қанжығасына байлады.

Жеңіл салмақта (61,2 кг дейін) өнер көрсеткен 27 жастағы спортшымыздың қарсыласы – канадалық Брэд Катон. Бұл жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, ұзаққа созылмады. Алмахан жекпе-жектің алғашқы минуттарында-ақ дәл соққымен қарсыласын есеңгіретіп, жойқын апперкотпен нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Төреші жекпе-жекті бірден тоқтатып, техникалық нокаут тіркелді.

Бұл – Бекзаттың UFC-дегі екінші кездесуі. Алғашқысы 2024 жылы наурызда өтті, онда төрешілер шешімімен ресейлік Умар Нурмагомедовке жол берген еді.

Кәсіпқой мансабында Алмахан 14 кездесу өткізіп, 12 рет жеңіске жеткен. Ал Катон бұл жолы карьерасындағы алғашқы нокаутпен жеңілісін татты. 33 жастағы канадалықтың рекорды – 14 жеңіс, 5 жеңіліс. Айта кету керек, ол The Ultimate Fighter шоуының екі дүркін чемпионы атанған жалғыз боксшы.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар