дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әбілғазин, Головкин, Мамин: Ұлттық Олимпиада комитеті қалай жаңаруы мүмкін

Әбілғазин, Головкин, Мамин: Ұлттық Олимпиада комитеті қалай жаңаруы мүмкін
Коллаж jambylinfo
Тәуелсіз сайлау комиссиясы ҰОК  басшылық құрамын жаңарту мәселесін қарады

Жуырда Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылық құрамы жаңарып, оны басқаруға өте танымал спортшылар, саясаткерлер мен кәсіпкерлер келуі мүмкін, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Айта кетейік, кеше желіде Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясы отырыс өткізіп, бірқатар ұсыныс әзірлегені туралы ақпарат тарады. Бүгін бірқатар спорт басылымдары ақпаратты растады.

Соның ішінде, тәуелсіз сайлау комиссиясы Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылық құрамына танымал спортшылардың кандидатурасын ұсынғаны белгілі болды. 

Атап айтсақ, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына атақты боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған. Сонымен қатар: 

  • Ұлттық Олимпиада комитетінің қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-президенті лауазымына Асқар Мәмин; 
  • Ұлттық Олимпиада комитетінің жазғы спорт түрлері жөніндегі вице-президенті лауазымына Данияр Әбілғазин; 
  • Ұлттық Олимпиада комитетінің паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президенті лауазымына Серік Сәпиев;
  • Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы лауазымына Жанар Өтешова
  • Олимпиада спорт түрлері жөніндегі Ұлттық федерацияның төрағасы лауазымына оншақты адамның, соның ішінде спортшы Дмитрий Баландин, Әлия Юсупова, кәсіпкер Болат Өтемұратовтардың кандидатуралары ұсынылған. 

Осы таралған ақпаратқа сенсек, 2024 жылы 26 ақпанда Ұлттық Олимпиада комитеті Бас Ассамблеясының отырысы өтіп, осы және өзге де мәселелер талқыланады. Естеріңізге сала кетейік, қазір Ұлттық Олимпиада комитетін кәсіпкер Тимур Құлыбаев басқарып отыр. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар