жұма, 27 желтоқсан, 2024 20:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ақылы жолдар қымбаттайды

Қазақстанда ақылы жолдар қымбаттайды
Фото: Азаттық рухы
Ақылы жолдардың тарифін көтеру мәселесі наурыз айында қоғам талқысына шығарылады

Көлік министрі Марат Қарабаев Сенат қабырғасында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, ақылы жолдардың тарифі қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 
 
«Иә, біз тарифті ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Өйткені ақылы жолдардың бағасы 2013 жылдан бері өзгермеген. Сосын біздің тарифті басқа елдермен салыстырсақ, мысалы Қазақстанда 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде теңгемен есептегенде –  7 теңге. Жол сапалы болуы үшін оны күтіп ұстау қажет. Ал  сіздер салық төлеушілердің есебінен емес, «ҚазАвтоЖол» бюджетінен күтіп ұстағанын қалайсыздар. Сол себепті жалғыз жол – ақылы жолдардың тарифін көтеру», дейді Қарабаев сенат кулуарында. 


Дегениен, көлік министрі Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі қатты қымбаттамайтынына сендірді. 


«Кейбір адамдар екі-үш есеге өсіру туралы ұсыныс жасап жатыр. Ашығын айтайын, тариф екі-үш есеге ұлғаймайды, бірақ белгілі бір пайыз қосылады», деді ол. 


Айтуынша, ақылы жолдардың тарифі жұртшылықпен талқыланады. Талқылау наурыз айынан басталады деп жоспарлануда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар