Спорт
Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандықтар тоғыз медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 шілде, 2025
- 620
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еркін күрестен жалғыз алтын медальді 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды.
Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс еншілесе, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Алан Оралбек (61 келіге дейін) үшінші нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар әйелдер күресінен Анна Стратан (57 келіге дейін) және Мейрамгүл Мақсот (72 келіге дейін) қола медаль иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің балуандары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді.
Келесі мақала
Ыстанбұлда ұлттық домбыра күні аталып өтті
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






