«Біз қатты наразымыз». Трамп Ресейге жаңа санкциялар саламыз деп сес көрсетті
- авторБақытжан Бекболат
- 15 шілде, 2025
- 628
АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы соғысты талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен жиі сөйлесетінін, бірақ ол әңгімелер нақты нәтиже бермейтінін айтты.
– Мен онымен жиі сөйлесемін. Әр жолы соғысты тоқтату жолдарын талқылаймыз. Телефонды қойған соң: «Жақсы әңгіме болды», – деймін. Бірақ артынша Киевке немесе басқа қалаға зымыран ұшырылады. Бұл – түсініксіз жағдай. Мұндай үш-төрт рет қайталанса, сөздің мәні қалмайды. Нақты әрекет керек. Нәтиже қажет, – деді Трамп.
Сонымен қатар ол НАТО-мен Украинаға қару жеткізуге қатысты келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл келісім аясында Patriot зениттік-зымыран кешендері де Украинаға жіберілмек. Euronews-тің жазуынша, бұл шығынды НАТО елдері көтереді, ал АҚШ салық төлеушілерінің ақшасын жұмсамайды.
Егер алдағы 50 күн ішінде бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ Ресейден келетін тауарларға 100 пайыздық баж салығын енгізуге дайын екенін айтты. Сондай-ақ үшінші елдер арқылы Ресей өнімін сатып алуға байланысты екінші деңгейлі санкциялар енгізу жоспарланып отыр.
Мұндай жанама санкциялар Ресей экономикасына бұған дейінгі шектеулерден де қатты әсер етуі мүмкін. Себебі қазіргі санкцияларға






