Өткен мереке күндері бір топ қазақстандық боксшы Нұр-Сұлтанда және Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, қазақстандық бокс жанкүйерлерін жігерлі жеңістерімен қуантты.
16 желтоқсанда елордада ұйымдастырылған бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) ганалық Иса Самирмен (19-1, 16 КО) жұдырықтасып, өзіне тиесілі WBC Asia, WBA International және WBO Global белдігін қорғап қалды. Екінші орта салмақта өткен жекпе-жек небәрі үшінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Сонымен қатар осы кештің андеркардында бақ сынаған жерлестеріміз Данил Семенов, Евгений Павлов, әуесқой бокстағы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов және Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет кезекті жеңістеріне қол жеткізді.
Бокстан ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев бастаған жігіттер де Алматы рингінің шаңын қақты. Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен бастап берген жеңісті жолды WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы Сұлтан Зауырбек, 2017 жылы 75 килода бокстан ел чемпионы атанған Абай Төлеш және тағы басқа бірқатар боксшылармыз сәтті жалғап, Қоңқабаев жеңісті жолды түйіндеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Белбеу де қорғалды, рекорд та жаңарды
Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024