сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 4:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дзюдодан Париж Олимпиадасына Елдос Сметов баратын болды

Дзюдодан Париж Олимпиадасына Елдос Сметов баратын болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Дзюдо федерациясы олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының тізімін жариялады

Бүгін Алматыда Олимпиада ойындарына дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан қатысатын спортшы анықталды. Олимпиадаға іріктеу белдесуінде Елдос Сметов үздік атанды. Ол өз кезегінде командаластары Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевтан басым түсіп, Париж Олимпиадасына қатысу құқығына ие болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Халықаралық Олимпиада комитеті мен Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша дзюдодан Олимпиада ойындарына әр елден әр салмақ бойынша тек бір спортшыдан қатыса алады. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш қазақстандық дзюдошы, атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин Олимпиадалық рейтингте жолдама иегерлері тізімінде тұрғандықтан өзара іріктеу белдесуі ұйымдастырылды.

Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасынан 8 дзюдошы қатысады. Оның жетеуі – өз салмақ дәрежелерінде жекелей сайысқа қатысса, бір спортшы аралас-командалық жарыстың лицензиясына ие болды.

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошылар келесідей:

Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Эсмигүл Куюлова (аралас-командалық жарыс).

Ерлер: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг).

Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша жарыстар 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар