дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыста жүрек қан тамыр ауруларымен 136 мыңнан астам науқас диспансерлік есепте тұр – Ербол Қарашөкеев

Облыста жүрек қан тамыр ауруларымен 136 мыңнан астам науқас диспансерлік есепте тұр – Ербол Қарашөкеев
Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан алынды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өңірде жүрек ауруларынан өлім-жітім азайған

Бұл туралы кардиохирург Сейітхан Жошыбаевтың 85 жасқа толуына орай Таразда өтіп жатқан Халықаралық конференцияда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, -деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

«Облыста жүрек қан тамыр ауруларымен 136 мыңнан астам (136 618) науқас диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде артериалды гипертензиямен 77 455, жүректің ишемиялық ауруымен 27 696, созылмалы жүрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан 3 146 науқас бар. Қазір облыста жіті коронарлық синдром диагноздарымен шұғыл медициналық көмекті Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы, «Жүрек» кардиологиялық клиникасы және «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС көрсетеді. Биыл 4 айда аталған 3 орталықта  жүрекке жасалған жалпы ашық оталар саны 167 болса, оның ішінде 46%-ы (77) осы орталықта жасалды»,-деді әкім. 

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, жүрек ауруларынан өлім-жітім 2024 жылдың 4 айында 2023 жылмен салыстырганда 16,5 пайызға төмендесе,  жіті миокард инфарктінен өлім 36,6% азайған. 

Еске салайық, үш күнге жоспарланған конференция жұмысына Өзбекстан, Қырғыстан, Ресей, Татарстан сынды елдердің кардиохирург дәрігерлері қатысып жатыр. Конференция барысында дәрігерлер теориялық тұрғыдан білімдерін жетілдіріп, өзара шеберлік сыныптарын өткізіп, тәжірбие алмасады.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар