Сейітхан Жошыбаев Асфендияров атындағы университеттің алтын медаліне ие болды
- авторИндира Тәліпқызы
- 7 маусым, 2024
- 606
Таразда белгілі кардиохирург Сейітхан Жошыбаевтың 85 жасқа толуына орай өтіп жатқан Халықаралық конференцияда С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Төлеген Егембердиев дәрігерге оқу орнының алтын медалін тақты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Сейтхан ағамызды университетіміздің ректоры және ұжымы мерейлі жасымен құттықтап, жолдаған сәлемін алып келдім. Ағамызбен ерен еңбегі арқылы танып, 50 жылдан аса уақыттан бері байланыстамыз. Сейтхан ағамыздың еңбек жолы, әрбір ісі – кейінгі жастарға өнеге, тәлім. Сол еңбегін бағалай отырып, университеттің 20 мыңнан астам ұжымы, ректорат, ғылыми кеңесі жүрекжарды лебізін жолдады. Деніңізге саулық, ұрпағыңызға бақ-береке тілейміз», – деді жоғары санатты жүрек-қан тамырлары хирургі, профессор Төлеген Егембердиев.
Конференция жүрек ауруларындағы аса жауапты емдеу тәсілдерін көрсететін шеберлік сағатымен жалғасты.
Еске салайық, Сейітхан Жошыбаевтың 85 жасқа толуына орай өтіп жатқан конференцияға Өзбекстан, Қырғыстан, Ресей, Татарстан сынды елдердің кардиохирург дәрігерлері қатысып жатыр.