Екінші айналымға шықты
Қазақстандық Юлия Путинцева Рим WTA турнирінің екінші айналымына шықты.
Әлемнің 30-шы ракеткасы Ю.Путинцева бастапқы кездесуін рейтингте 49-орында тұрған швециялық Ребекка Петерсонмен өткізіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тартысты өткен бәсеке
1 сағат 42 минутқа созылды. Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 16-ншы, осы доданың 8-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен кездеседі.
Бір қызығы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Ю.Путинцева егер де қарсыластарын жеңсе, өзара кездеседі.
Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 47-сатыдағы чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Болат Сақаев Тиранадағы рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 ақпан, 2026






