жұма, 20 маусым, 2025 12:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуро-2026 футзал чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін

Еуро-2026 футзал чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Беларусь құрамасының қатысуына қатысты дау Еуро-2026 футзал чемпионатының тағдырын өзгертуі мүмкін

2026 жылы футзалдан Еуропа чемпионаты Литва мен Латвияда өтуі тиіс болатын. Алайда соңғы мәліметтерге сәйкес, турнирдің өткізілу орнына қатысты мәселе қайта қаралуы мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған Беларусь құрамасының финалдық кезеңге жолдама алуы себеп болып отыр.

Литва мен Латвия билігі Беларусьтің турнирге қатысуына үзілді-кесілді қарсы. Олардың мұндай ұстанымына Беларусьтің Ресейдің әрекеттерін ашық қолдауы түрткі болған. Осыған байланысты УЕФА 21 мамырға жоспарланған жеребе тарту рәсімін кейінге шегеруі мүмкін деген ақпарат тарады.

Қазір УЕФА чемпионатты басқа елде өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бейресми деректерге сүйенсек, турнирді қабылдау құқығы Қазақстанға берілуі ықтимал. Себебі еліміз бұған дейін де халықаралық деңгейдегі бірқатар спорттық іс-шараларды сәтті ұйымдастырған, әрі тиісті инфрақұрылымға ие.

Аталған мәселеге қатысты ресми шешім жақын күндері жарияланады деп күтілуде.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар