Жамбыл облысында жазғы демалыс алдында есірткіге қарсы шаралар күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 мамыр, 2025
- 264

Жазғы демалыс маусымы басталар алдында Жамбыл облысында жастар арасында есірткіге қарсы бағытталған профилактикалық шаралар күшейтілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл бастама жасөспірімдер мен жастардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруға және олардың бос уақытын қауіпсіз өткізуге бағытталған.
Облыстың құқық қорғау органдары білім беру ұйымдары, медициналық мекемелер және қоғамдық құрылымдармен бірлесе отырып, кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуде. Нәтижесінде:
148 ата-аналар жиналысы өткізіліп, кәмелетке толмағандар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының алдын алу жолдары талқыланды;
583-тен астам профилактикалық іс-шаралар мектептер мен колледждерде жүзеге асырылды.
Іс-шаралар аясында дәрістер, түсіндіру әңгімелері, әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, жастарға есірткінің зияны мен одан қорғану жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің есірткіге қызығушылық танытуына әсер ететін себептер мен жағдайлар да зерттелуде.
Ұйымдастырушылар ата-аналар мен мұғалімдердің бұл жұмыстағы белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Олардың қолдауы жастардың есірткіден бойын аулақ ұстауына үлкен әсер етеді.