Францияның мемлекеттік қызметшілері Олимпиада ойындарында жұмыс істегені үшін ақшалай бонус алады
- авторjambylinfo.kz
- 10 наурыз, 2024
- 528
2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатысатын француз мемлекеттік қызметшілері үшін 500-ден 1500 еуроға дейін бонустық төлемдер төленеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Бұл хабарландыру екі француз кәсіподағы CGT және FO Олимпиада ойындары кезінде ереуілге шығуға ниетті екендерін білдіргеннен кейін жасалды. Дегенмен, министр С.Герини бүкіл ел олимпиада ойындары кезінде ереуіл болғанын қаламайтынын айтты. Сондай-ақ ол іс-шаралар кезінде жұмылдырылған мемлекеттік қызметкерлерге «бонустар» берілетінін, оның мөлшері 500-ден 1,5 мың еуроға дейін болатынын айтты.
Сонымен қатар, Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Олимпиада нысандарын қорғауға қатысатын құқық қорғау қызметкерлеріне шамамен 1900 еуро төленетінін мәлімдеді.
Франциядағы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты басталады
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024