Спорт
Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 маусым, 2025
- 177

Жаңа бас бапкер Қонысбек Қарымұлы бұған дейін Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.
Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен ұлттық құраманың жаңа бас бапкері болып Қонысбек Төкенов тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Юрий Мельниченко енді бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады. Мельниченконың басшылығымен Қазақстан құрамасы бірқатар ірі жетістікке қол жеткізді: Парижде өткен Олимпиадада Демеу Жадыраев күміс медаль жеңіп алса, әлем чемпионатында Ержет Жарлықасын да күміс жүлдегер атанды.
Қонысбек Төкенов ұлттық құраманы 17-20 шілде аралығында Будапештте өтетін рейтингілік жарысқа бастап барады.