жексенбі, 29 маусым, 2025 18:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ирандағы шиеленіс: Қазақстандықтар қауіпсіз аймаққа көшірілді

Ирандағы шиеленіс: Қазақстандықтар қауіпсіз аймаққа көшірілді
Фото: Report
Report агенттігінің хабарлауынша, соңғы күндері Ираннан 17 елдің азаматтары эвакуацияланды. Олар Әзербайжан арқылы елден шыққан.

Эвакуацияланғандар қатарында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Германия, Испания, Италия, Сербия, Румыния және Португалия азаматтары бар. Сонымен қатар АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай мен Вьетнам азаматтары да елден эвакуацияланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Соңғы бес күн бойы Иран мен Әзербайжан шекарасында гуманитарлық өткел арқылы эвакуациялау процесі жүріп жатыр.

Эвакуацияланғандардың айтуынша, Иран аумағында шекарадан өту кезегін күтіп жатқан жүздеген адам әлі бар.

13 маусымға қараған түні Израиль Иран аумағындағы нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. Ел билігі бұл әрекетті Иранның ядролық бағдарламасына қарсы операция деп түсіндіріп, елде төтенше жағдай режимін енгізді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барынша сабыр сақтауға шақырды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар