жексенбі, 8 ақпан, 2026 1:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Испаниядағы турнир: Махмұд Сабырхан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, алтын жүлдегер атанды

Испаниядағы турнир: Махмұд Сабырхан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, алтын жүлдегер атанды
olympic.kz
Екі қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Махмұд Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite халықаралық турнирінде алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

55 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Махмұд англиялық боксшы Эллис Троубриджге қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Аталған турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетуде. Жалпы есепте ұлттық құрамадан 11 боксшы финалға жолдама алып, ел намысын абыроймен қорғауда.

Сонымен қатар, 50 келі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Санжар испаниялық Фриха Исмаил Маграуиді 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіп шықты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар