жексенбі, 20 шілде, 2025 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Канеломен жұдырықтасуға лайықты бес боксшының есімі аталды: олардың арасында Жәнібек те бар

Канеломен жұдырықтасуға лайықты бес боксшының есімі аталды: олардың арасында Жәнібек те бар
Коллаж: Jambylinfo.kz
12 шілдеде Нью-Йорк қаласының Куинс ауданында өтетін жекпе-жек алдында Эдгар Берланга қарсыласы Хамза Ширазды психологиялық тұрғыдан "жеңіп қойғанын" мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл айқаста ол Ширазды Сауль «Канело» Альварес ретінде елестетіп, болашақтағы үлкен кездесу үшін дайындалып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Boxing247  порталына сілтеме жасап.

«Мен оны ойымда жеңіп қойдым. Мен сені Канело деп елестетіп жүрмін. Оны жолдан алып тастаған соң: “Турки, отырайық, сөйлесейік” деймін. Ол [Шираз] бұл қалаға келгісі келмейді. Олар оған қысым жасап жатыр: “Сен бұл жекпе-жекке шықпасаң, Канеломен кездесуді ұмыт” деген», – деді Берланга Ring Magazine арнасына берген сұхбатында.

Алайда сарапшылар Берланганың бұл психологиялық "ойындарын" сынға алып отыр. Егер ол бұрынғыдай орташа деңгейде өнер көрсетсе – жеңіледі. Оның Канеломен өткен кездесуі де сенімсіз болғаны белгілі.

Boxing247 порталы Берланганы Top Rank промоутерлік компаниясы "жасанды жұлдыз" етіп қалыптастырғанын атап өтеді. Ол мансабын әлсіз 16 қарсыласпен бастаған. Кейінгі жылдары C деңгейлі боксшыларға қарсы қинала бастаған соң, басты жекпе-жектерден шеттетілді. Кейін Eddie Hearn-мен келісімшартқа отырып, Джейсон Куигли мен Падрейг МакКрори секілді төмен деңгейлі қарсыластармен кездесті. Осыдан соң Канеломен титулды жекпе-жекке жол ашылғаны – нағыз "жалған мүмкіндік" деп бағаланады.

Берланганың өзі болашақта Канеломен тағы кездесуді армандайды:

«Турки мені бағаламай жүрген шығар. Менің үлкен жетістікке жететінім анық, ал Хамза – менің жолымдағы уақытша кедергі. Сондықтан мен оны елемей өте алмаймын. Бірақ Канеломен реванш – басты мақсат», – деді ол.

Дегенмен, портал шолушылары Канеломен екінші жекпе-жекке Берланга да, Шираз да лайық емес екенін ашық жазады.

«Жанкүйерлер Берланганың небәрі екі қарсыласын жеңіп, реванш алатынын көргісі келмейді. Бұл – үлкен көңілсіздік болар еді. Ал Шираздың соңғы кездесуінде (Карлос Адамеспен тең аяқталған даулы айқас) сенімділік мүлде болмады», – делінген материалда.

Канеломен кездесуге лайық бес боксшы ретінде келесі есімдер аталады:

Кристиан Мбилли

Ослейс Иглесиас

Лестер Мартинес

Жәнібек Әлімханұлы

Йоенли Эрнандес

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені 2-раундта нокаутпен жеңген болатын.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар