жұма, 20 қыркүйек, 2024 9:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Кім мықты": 2 тамызда Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов кездеседі

"Кім мықты": 2 тамызда Сәкен Бибосынов пен  Хасанбой Дусматов кездеседі
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жерлесіміз ширек финалда түрік боксшысы Самет Күмүшті жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

Париж олимпиадасында бокстан 51 келіде Сәкен Бибосынов бірінші кездесуінде олимпиада жүлдегері түркиялық Самет Күмүшті  жеңіп, келесі кезеңге шықты. Енді қазақ боксшысын жартылай финалда сыралғы қарсыласы Хасанбой Дусматов күтіп тұр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Сәкен Бибосынов Түркия елінің өкілі Самет Күмүшті 5:0 есебімен айқын жеңіске жетіп, олимпиаданың жүлдесіне бір табан жақындай түсті. 

Енді жерлесіміз 3 тамыз күні Париж олимпиадасындағы басты қарсыласы Рио олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен  жұдырық түйістіреді.

Еске салайық, 51 келі дейінгі салмақтың үздіктері бұған дейін бірнеше рет кездескен. Енді 2 тамызда кімнің мықты екені белгілі болады. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар