Париж олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергенов туған жеріне оралды
Париж олимпиадасының қатысушысы Асланбек Шымбергеновті әуежайдан Жамбыл облыстық спорт басқармасының өкілдері, спортшының жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбылдықтар тарапынан боксшыға лайықты құрмет көрсетілді.
Жиналған көпшілік Асланбек Шымбергеновтің алдағы уақытта талай белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
Боксшы да өз кезегінде өзін қолдаған халыққа алғысын айтты.
Еске салайық, жерлесіміз 28 шілде күні алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зейад Ишайштанға есе жіберген болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Халықтың осал топтарын жұмыспен қамту тәсілдері өзгертілмек
- авторМағжан Орынбасар
- 17 сәуір, 2026
Қоғам
Ғажайыпқа сендірген оқиға: екі бүлдіршіннің өмір үшін күресі
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2026






