жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

Әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
Фото - ашық дереккөз
Чемпионатқа барлығы 554 спортшы қатысады

Бокстан World Boxing аясында өтетін Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жеребе нәтижесі бойынша кейбір салмақта еліміздің былғары қолғап шеберлері бірден 1/4 финалға шықса, тағы бір тобы 1/8 финалда шаршы алаңға шығатыны анықталды. Сондай-ақ әлем чемпионатын 1/16 финалдан бастайтын отандастарымыз бар.

1/4 финал:

80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова (Қазақстан) - Грейс Бакл (Англия) пен Селин Ли-Ло (Новая Зеландия) жұбының жеңімпазы.

1/8 финал:

48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) - Лилия Шелецкий (Венгрия) мен Лам Хон Ки (Гонконг) жұбының жеңімпазы;

51 келі: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) - Фатма Мансури (Алжир) мен Мун Гьонг (Оңтүстік Корея);

70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) - Тхокчом Суприя Деви (Индия) мен Дитте Фростхольм (Дания) жұбының жеңімпазы;

75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) - Ван Лина (Қытай);

80 келі: Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Ивета Лесинските (Литва).

1/16 финал:

54 келі Элина Базарова (Қазақстан) - Нигина Уктамова (Өзбекстан);

57 келі: Карина Ибрагимова (Қазақстан) - Панагита Кузилу (Грекия);

60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) - Садику Д (Косово);

65 келі: Аида Әбікеева (Қазақстан) - Анна Луца Хамори (Венгрия).

World Boxing ұйымының аясында алғаш рет Ливерпуль (Англия) қаласында өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер - 329, әйелдер - 225) келді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар